
Өткізу күні: 2026 жылғы 26 сәуір
Өткізу орны: Азия Кеңесінің Штаб-пәтері, Астана қаласы, Қазақстан
Ұйымдастырушы: Азия Кеңесінің Хатшылығы
Форматы: офлайн
Мақсаттары: Азия Кеңесінің Хатшылығы дипломатиялық корпустың белсенді мүшесі ретінде дипломатиялық миссиялар, халықаралық серіктестер, БАҚ және кең жұртшылық арасында диалог пен өзара іс-қимыл орнату үшін тұрақты түрде алаң ұсынып келеді. Көктемгі қайырымдылық жәрмеңкесі мәдени алмасуды әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарымен ұштастырып, осы дәстүрді одан әрі нығайтады.
Іс-шараның мақсаттары:
✔ дипломатиялық қауымдастық, жұртшылық және БАҚ арасында гуманитарлық ынтымақтастық пен диалогты ілгерілету;
✔ Азия Кеңесіне мүше мемлекеттер мен серіктестердің мәдени алуандылығы мен дәстүрлерін таныстыру;
✔ қайырымдылық бастамаларды қолдап, ынтымақ, еріктілік және халықтың осал топтарына қолғабыс көрсету құндылықтарын насихаттау.
Іс-шара барысында жиналған барлық қаражат белгіленген қайырымдылық көмек алушысына аударылады.
Бағдарламаның басты сәттері:
Қатысушы елдерге арналған көрме аймағы
Қатысушы елдер мен ұйымдар келесі өнімдерді ұсына алады:
– ұлттық қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі әшекейлер;
– өнер туындылары мен қолдан жасалған бұйымдар;
– дәстүрлі тағамдар мен бірегей өнімдер;
– кәдесыйлар мен мәдени бұйымдар.
Мәдени және ойын-сауық бағдарламасы
– кәсіби әртістердің, балалар ансамбльдерінің немесе дипломатиялық миссия өкілдерінің музыкалық және би қойылымдары мен дәстүрлі көрсетілімдері;
– балаларға арналған шығармашылық аймақ (шеберлік кластар мен шығармашылық әрекеттер);
– дәстүрлі шай рәсімі.
Қатысу және билеттерді сатып алу туралы толық ақпарат белгіленген мерзімде жарияланады.